2021 ЖЫЛДЫҢ 9 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылдың 9 қыркүйегінде Беген филиалының Семенов орман шаруашылығының 75-ші кварталына қауіп төндіретін дала өрті табылды. Өрт болған жерге Бөкебай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып,жойылды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды.