"БРАКОНЬЕР" ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫН ӨТКІЗУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

 
Ақмола облысы ПД нұсқауына сәйкес, сондай-ақ браконьерлікке, заңсыз балық аулауға және заңсыз ағаш кесуге қарсы іс-қимыл мақсатында ағымдағы жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Ақкөл ауданының аумағында "Браконьер"жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында жедел алдын алу іс-шарасы "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Солтүстік әуе кемесінің командирі Н.Н. Лесныймен бірлесіп тікұшақ және өзге де техниканы пайдалана отырып, табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шара өткізді.
Нәтижесінде аң аулау ережелерін бұзумен байланысты 2 құқық бұзушылық анықталды, құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігі (аң аулау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Егер сіз жануарлар дүниесі объектілерін және су биологиялық ресурстарын заңсыз аулаудың куәгері болсаңыз, Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне 2-10-02; 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз.
op_akkol

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға