2021 ЖЫЛДЫҢ 13 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылдың 13 қыркүйегінде Павлодар авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақтың авиациямен қарауылдау барысында Бесқарағай филиалының Баимбет орман шаруашылығының 174 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.