2021 ЖЫЛДЫҢ 13 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ КӨКШЕТАУ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2021 жылдың 13 қыркүйегінде Көкшетау авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшылары М. Ликеров пен Н.Арташин Бәйтерек ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері арасында "Орманға барған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және орманда адасқан адамның іс-әрекеті" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.