2021 ЖЫЛДЫҢ 14 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ АҚМОЛА АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2021 жылғы 14 қыркүйекте халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Ақмола авиациялық бөлімшесінің ӘПК нұсқаушысы А.С. Трубицын Ақкөл қаласының № 1 балабақша қызметкерлері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Қызметкерлер ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.