2021 ЖЫЛДЫҢ 14 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылдың 14 қыркүйегінде Баянауыл МҰТП Жасыбай орманшылығының 46 кварталында өрт шықты. Өрт шыққан жерге Баянауыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.