2021 ЖЫЛДЫҢ 14 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылдың 14 қыркүйегінде Түрген филиалының Түрген орманшылығының 92 кварталында өрт шықты. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Алматы авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.