2021 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылдың 15 қыркүйегінде Науырзым МӨЗ Сосновка орманшылығында өрт шықты. Өрт шыққан жерге өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін жердегі орман күзетінің, ТЖД, ЕӨСҚ және әкімдіктердің қызметкерлері техникамен жіберілді. Қатты жел, жоғары температура және өлі ағаштың болуы оттың тез таралуына ықпал етті. 2021 жылдың 16 қыркүйегінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қостанай авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті, сондай-ақ Ми-2 тікұшағымен өртті барлау жүргізілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 16 қыркүйекте өрт ауыздықталды, оны жою жүріп жатыр.