2021 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ БУРАБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2021 жылғы 15 қыркүйекте Бурабай авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Бурабай" МҰТП Золотобор орманшылығының 97 және 98 орамдарының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге Боровской авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшылары, жердегі орман күзетінің, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және жергілікті әкімдіктің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталды, оны жою жүріп жатыр.