2021 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ РИДДЕР АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

 
2021 жылғы 18 қыркүйекте Риддер авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі С.А. Переверзевпен халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде Үлбі кенттік округінің тұрғындары арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Кент тұрғындары ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға