2021 ЖЫЛДЫҢ 21 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ БУРАБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2021 жылғы 21 қыркүйекте Бурабай авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Д.С. Баймағамбетов, сондай-ақ В.В. Павлов халықты ақпараттандыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде "Достық" дүкенінің қызметкерлері мен сатып алушылары арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісін өткізді. Дәріс барысында қатысушылар МОҚ аумағындағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орманға барған кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен таныстырылды.