2021 ЖЫЛҒЫ 21 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2021 жылдың 21 қыркүйегінде Қарқаралы МҰТП аумағында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлескен авиарейд өткізілді, авиарейд мақсаты туристік маршруттар мен алаңқайларды, халықтың жаппай баратын орындарын, табиғи парк аумағындағы жергілікті көрікті жерлерді тексеру, сондай-ақ ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау болды. Орман авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қарқаралы МҰТП-де туризмді дамыту жөніндегі бас жоспарға фотоматериал дайындалды. ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.