2021 ЖЫЛДЫҢ 22 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылғы 22 қыркүйекте Бөкебай филиалы Бөкебай орманшылығының 121-кварталында өрт шықты. Өрт болған жерге Бөкебай авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.