2021 ЖЫЛҒЫ 24 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2021 жылдың 24 қыркүйегінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің мамандары "Семей Орманы" МОТР РММ өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.