2021 ЖЫЛДЫҢ 27 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨРТ ШЫҚТЫ
2021 жылдың 27 қыркүйегінде Талдықорған авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Талдықорған ҚМУ-нің Корин орманшылығының 21 кварталының аумағынан өрт шықты . Өрт апатымен күреске Талдықорған авиациялық бөлімшесінің, жердегі орман күзетінің және ТЖД күштері мен құралдары лақтырылды. 2021 жылғы 28 қыркүйекте өрт апатымен күресу үшін қосымша күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданды. Өртті сөндіру үшін сыртқы аспада суағар құрылғысы бар бірінші класты Ми-8 тікұшағы тартылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, нашар көрінумен және күрделі метеорологиялық жағдайлармен қиындайды. Қазіргі уақытта өрт апатымен күрес жүріп жатыр.