ІЛЕ-АЛАТАУ МҰТП АУМАҒЫНДА БОЛҒАН ІРІ ӨРТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Үшінші тәулікте Ақсай филиалының Қаскелең орманшылығының 12 орамы аумағында болған ірі өртпен күрес жүріп жатыр. Өртті ауадан бақылау орнатылды. Өрт апатымен күресу үшін ТЖД мен ТЖМ қосымша күштері мен құралдарын тарту туралы шешім қабылданды. Өртті сөндіру үшін сыртқы аспада суағар құрылғысы бар бірінші класты Ми-8 тікұшағы тартылды, одан өрт ошақтарына жалпы тоннажы 30 тоннадан астам 15-тен астам мақсатты су ағызу орындалды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, нашар көрінумен және күрделі метеорологиялық жағдайлармен қиындайды. Қазіргі уақытта өрт апатымен күрес жүріп жатыр.