2021 ЖЫЛҒЫ 28 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ XVII АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ФОРУМЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумдары 2003 жылдан бастап кезекпен екі елде өтеді және екі елдің өңірлері арасындағы өзара іс-қимылдың бағыттары мен тәсілдерін талқылау және екі жақты қатынастарды нығайту үшін маңызды алаң болып табылады.
XVII Форум Ресей мен Қазақстанның экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастығына арналған және 2021 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында онлайн форматта өтеді.
Форумның негізгі тақырыптары трансшекаралық су объектілері саласындағы ынтымақтастық, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, климаттық процестерге антропогендік әсерді азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ынтымақтастық мәселелері болып табылады.
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы шекара маңындағы аумақтарда орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі Келісімді іске асыру нәтижелері және өзара іс-қимылды жетілдіру жөніндегі одан арғы бағыттар туралы "Авиаорманқорғау" ФБҚ бастығы Николай Кривошеев және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК бас директоры Арман Кесімбаев баяндама жасады.
Баяндамашылар елдер арасындағы құрлықтағы мемлекеттік шекара 7,5 мың шақырымнан асатынын атап өтті. Шекара бойында әрбір шектес мемлекеттің аумағында ені 10 километр болатын орман және дала учаскелерін өрттен бірлесіп қорғау аймағы белгіленген.
Келісімді орындау шеңберінде өңірлік диспетчерлік қызметтер арқылы орман өрт жағдайы туралы, 10 шақырымдық аймақта туындайтын табиғи өрттер туралы ақпаратпен жедел алмасу жүзеге асырылады; шекара маңындағы аумақтарда өрттерге ден қою кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар жүргізіледі; шекара маңындағы аймақтарды өртке қарсы жайластыру бойынша іс-шаралар орындалады, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласында халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Бұдан басқа, 2020-2021 жылдары "Авиаорманқорғау" ФБҚ "Қазавиаорманқорғау" РМҚК 81 қызметкерін "Өрт сөндіруші-десантшы" және "Азаматтық авиацияның бақылаушы-ұшқышы" мамандықтары бойынша "өрт сөндіруші-десантшылар нұсқаушысы"біліктілігі бойынша кәсіби дайындық курстарында оқыту жүргізілді.
Тараптар табиғи трансшекаралық өрттерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру үшін орман өрттерін жоюға тартылған орман өрттері құралымдарының мемлекеттік шекара арқылы 10 шақырымдық аймақ шегінде жедел өтуінің оңайлатылған тәртібін әзірлеу; трансшекаралық табиғи өрттерді сөндіру кезінде шекара маңындағы аумақтарда өзара іс-қимылды пысықтау бойынша кешенді практикалық оқу-жаттығулар өткізу қажет екенін атап өтті; жоғары білікті мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру және өрттердің алдын алу мен сөндіруде одан әрі тәжірибе алмасу.
https://aviales.ru/popup.aspx?news=6859

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға