ІЛЕ-АЛАТАУ МҰТП АУМАҒЫНДА БОЛҒАН ІРІ ӨРТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2021 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша Ақсай филиалының Қаскелең орманшылығының 12 орамының аумағында болған өрттің таралуы тоқтатылды, оны толық сөндіру жүріп жатыр. Өртті сөндіру үшін сыртқы аспада суағар құрылғысы бар бірінші класты Ми-8 тікұшағы тартылды, одан өрт ошақтарына жалпы тоннажы 50 тоннадан астам 20-дан астам мақсатты су ағызу орындалды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен, нашар көрінумен және күрделі метеорологиялық жағдайлармен күрделене түскенін атап өткен жөн.