2021 ЖЫЛҒЫ 8 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2021 жылдың 8 қазанында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Авиациямен қарауылдау барысында тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін есепке алу жүргізілді. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.