2021 ЖЫЛҒЫ 9-10 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2021 жылғы 9-10 қазанда Баянауыл авиациялық бөлімшесінің мамандары Баянауыл МҰТП, "Охотзоопром" ӨБ РМҚК және Баянауыл ІІБ өкілдерімен бірлесіп, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және ҚР табиғат қорғау заңнамасын басқа да бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейдтер өткізді (авиарейдер барысында браконьерлікке және сүректі заңсыз дайындауға ерекше назар аударылды). Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.