2021 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2021 жылғы 13 қазанда Павлодар авиациялық бөлімшесінің мамандары "Ертіс Орманы" МОТР РММ және табиғи кешендер мен объектілерді қорғау қызметінің жедел тобының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.