2021 ЖЫЛҒЫ 14 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

 
2021 жылдың 14 қазанында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП өкілдерімен бірлесіп, заңсыз ағаш кесу, браконьерлік және ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында авиациялық рейд жүргізді. Авиациямен қарауылдау барысында тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін есепке алу жүргізілді. Орман-авиациялық жұмыстарды орындау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ, Қарқаралы МҰТП ғылыми бөлімі үшін фотоматериал дайындалды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға