2021 ЖЫЛҒЫ 14 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2021 жылдың 14 қазанында Алматы авиациялық бөлімшесінің мамандары Алматы мемлекеттік табиғи қорығының өкілдерімен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақты аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.