2021 ЖЫЛҒЫ 14-15 ҚАЗАНДА ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
2021 жылғы 14-15 қазанда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Бородулиха авиациялық бөлімшесінің мамандары "Семей Орманы" МОТР РММ және табиғатты қорғау полициясының өкілдерімен бірлесіп табиғатты пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында қорғалатын аумақтың бірлескен ұшуларын орындады. Авиациямен қарауылдау барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.