ИНСПЕКЦИЯ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗДІ

 
2021 жылғы 26 қазанда ШҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының жұмыс жоспарына және ШҚО бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2021 жылға арналған бірлескен табиғат қорғау іс-шараларының жоспарына сәйкес Инспекция басшысы Д.Т. Оразбаев, инспекция жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Б. Дидахметов Қазавиаорманқорғау қызметкерлері және БАҚ өкілдерімен бірлесіп МИ-8 тікұшағын қолдана отырып, табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Аталған іс-шаралар Күршім және Катонқарағай аудандарының аумақтарында жүргізілді, олардың барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

https://www.instagram.com/vkoinspekcialesa/

Популярные новости


Алматы қ., Абай к-сі, 32/2
Тел.: +7 (727) 346-13-71
Е-mail: airbar@list.ru
Жоғарыға