2021 ЖЫЛДЫҢ 30 ҚАЗАНЫНДА ТАЛДЫҚОРҒАН АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2021 жылғы 30 қазанда Талдықорған авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі А. Е. Архиткомен халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде "Цейтер Владимир Эрвинович" ЖК келушілер мен қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісі өткізілді. Дәріс барысында қатысушылар МОҚ аумағында отты қолдану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орманға барған кезде санитарлық нормаларды сақтау және табиғи ресурстарды сақтау ережелерімен таныстырылды. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.