2021 ЖЫЛҒЫ 11 ҚАРАШАДА "2021 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУІПТІ МАУСЫМНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
2021 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлі, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында бейнеконференцбайланыс арқылы Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері өкілдерінің қатысуымен "2021 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындылары" тақырыбында кеңес өткізілді. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК кәсіпорнынан кеңеске бас директор Қесімбаев А.А., бас директордың орынбасары Аманов А.К., Талдықорған авиациялық бөлімшесінің басшысы Базарбеков М.К., Алматы авиациялық бөлімшесінің бақылаушы-ұшқыштары Сариев Т.А. және Ибрагимов Я.Р. қатысты.