2021 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАРАШАДА "ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА 2021 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУІПТІ МАУСЫМНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

2021 жылғы 30 қарашада Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында Қарағанды ОАИ басшысы орынбасарының төрағалығымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн - форматта "Қарағанды облысы аумағында 2021 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындылары " тақырыбында кеңес өтті. Орман иеленушілер 2021 жылғы өрт қауіпті маусымда атқарылған жұмыстар және орман өрттерінің шығу себептері туралы есеп берді.

Келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

- облыстың орман шаруашылығы кәсіпорындарын өрт жабдықтарымен және техникасымен жарақтандыру шаралары;

- МОҚ аумағына өткен Дала өрттерін сөндіру бойынша шараларды уақытылы қабылдауға кінәлілерді анықтау және тарту.

"Қазавиаорманқорғау" РМҚК атынан кеңеске Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің басшысы Т. В. Плотников қатысты.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға