2021 ЖЫЛҒЫ 26 ҚАРАШАДА "ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА 2021 ЖЫЛҒЫ ӨРТ ҚАУІПТІ МАУСЫМНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
2021 жылғы 26 қарашада Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында "Жамбыл облысы аумағында 2021 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындылары" тақырыбында кеңес өтті. Кеңес барысында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің орман қорының ауданын ұлғайтуға қатысты айтылған бастаманы орындау бойынша аралық қорытындылар жасалды, оның аясында алдағы бес жылда Жамбыл облысында 140 млн ағаш отырғызылады. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК атынан кеңеске Жамбыл авиациялық бөлімшесінің басшысы қатысты.