2022 ЖЫЛҒЫ 6 МАМЫРДА ПАВЛОДАР АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2022 жылғы 6 мамырда Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері авиациялық патрульдеу барысында Ресей Федерациясымен трансшекаралық аумақта Шошқала орманшылығының 118-ші кварталына және Шалдай филиалы зауыт орманшылығының 12-ші кварталына қауіп төндіріп өрт шықты. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.