2022 ЖЫЛҒЫ 14 МАМЫРДА ПАВЛОДАР АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2022 жылғы 14 мамырда Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Шалдай филиалының Шалдай орманшылығының 171 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт шыққан жерге өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін Павлодар авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері қажетті техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.