2022 ЖЫЛДЫҢ 18 МАМЫРЫНДА АҚМОЛА АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘҢГІМЕ ӨТКІЗДІ
2022 жылғы 18 мамырда Ақмола авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушілерімен халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде И.В. Достовалов және А.В. Достовалов Радовка жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары арасында "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері" тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Әңгіме барысында тыңдаушыларға өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.