2022 ЖЫЛДЫҢ 18 МАМЫРЫНДА ЖАМБЫЛ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2022 жылдың 18 мамырында Жамбыл авиациялық бөлімінің десантшы-өрт сөндірушісі Нұржан Кеңесалыұлы халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Мойынқұм құрылыс компаниясы" ЖШС қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісі өткізілді.Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.