2022 ЖЫЛДЫҢ 19 МАМЫРЫНДА КАТОНҚАРАҒАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

2022 жылдың 19 мамырында Катонқарағай авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Ю.М. Котельников халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Жас туристер станциясы" КММ қызметкерлерінің арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісін өткізді. Ұйым қызметкерлері ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Дәріс соңында қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға