2022 ЖЫЛДЫҢ 19 МАМЫРЫНДА ҚОСТАНАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2022 жылғы 19 мамырда Қостанай авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Б.У. Иралинмен халықты ақпараттандыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде Лесное ауылының тұрғындары арасында өртке қарсы тақырыпта профилактикалық дәріс өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.