2022 ЖЫЛҒЫ 20 МАМЫРДА БАЯНАУЫЛ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨРТ ШЫҚТЫ
2022 жылғы 20 мамырда Баянауыл авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Баянауыл МҰТП Баянауыл орманшылығының 2 орамының аумағында өрт анықталды. Жану орнына тікұшақтың көмегімен Баянауыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өртті сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін жеткізілді.
Өрт орнына қосымша тікұшақпен су жеткізу ұйымдастырылды. Өртті сөндіру қиын таулы жерлермен күрделене түсті. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.