2022 ЖЫЛҒЫ 21 МАМЫРДА АҚМОЛА АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2022 жылғы 21 мамырда Ақмола авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Отрадный КММ Бөрлі орманшылығының 111 кварталының аумағында өрт анықталды. Өрт болған жерге Ақмола авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техникамен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.