2022 ЖЫЛҒЫ 23 МАМЫРДА ЖАМБЫЛ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2022 жылдың 23 мамырында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ қызметкерлері арасында Жамбыл авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі А.М. Дурмешев халықты ақпараттандыру бойынша "орманды өрттен сақтаңыздар"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Дәріске қатысушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.