2022 ЖЫЛҒЫ 25 МАМЫРДА БУРАБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘҢГІМЕ ӨТКІЗДІ
2022 жылғы 25 мамырда Бурабай авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі Д.С. Баймағамбетовпен халықты ақпараттандыру бағдарламасы шеңберінде "Шаңырақ" ЖК дүкеніне келушілер арасында "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Әңгіме барысында тыңдаушыларға өртке қарсы насихат бойынша 45 дана парақшалар таратылды.