ҚАРҚАРАЛЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАСТАУЛЫ
2022 жылдың 27 мамырында Қарқаралы авиация бөлімінің қызметкерлері Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркінің өкілдерімен бірлесе отырып ерекше қорғалатын аумақта алғашқы ұшу рейсін жасады. Әуе патрулі кезінде орман шаруашылығымен және МҰТП инспекторларымен радиобайланыс, сондай-ақ кордон нөмірленуі тексерілді. Белсенді ошақтарды локализациялау кезінде ықтимал жерүсті өрттерінің таралуына кедергі болып табылатын өртке қарсы жолдар мен минералданған жолақтардың жай-күйіне тексеру жүргізілді. Күйгеннен кейінгі жағдай нақтыланды. Мемлекеттік орман қоры аумағын тексеру барысында өрт және ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.