БУРАБАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕНІҢ ОРМАН АВИАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
2022 жылдың 27 мамырында Бурабай авиация бөлімінің қызметкерлері Бурабай ұлттық табиғи қорығының өкілдерімен бірлеміп ерекше қорғалатын аумақтың үстінен алғашқы ұшуды жүзеге асырды.Әуе патрулі кезінде орман шаруашылығымен және МҰТП инспекторларымен радиобайланыс, сондай-ақ кордон нөмірленуі тексерілді. Белсенді ошақтарды локализациялау кезінде ықтимал жерүсті өрттерінің таралуына кедергі болып табылатын өртке қарсы жолдар мен минералданған жолақтардың жай-күйіне тексеру жүргізілді. Күйгеннен кейінгі жағдай нақтыланды.