2022 ЖЫЛДЫҢ 31 МАМЫРЫНДА ӨРТ АНЫҚТАЛДЫ
2022 жылдың 31 мамырында "Семей Орманы"МОТР РММ Беген филиалы, дөнгелек орманшылығының 3-кварталында өрт шықты. Өрт болған жерге Бөкебай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.