2022 ЖЫЛДЫҢ 6 МАУСЫМЫНДА АҚМОЛА АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘҢГІМЕ ӨТКІЗДІ
2022 жылғы 6 маусымда Ақмола авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшыларымен- халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде А.Н. Крестьянников, С. Ж. Ескенов және Е.В. Дегтев "Паритет СМ" ЖШС қызметкерлері арасында "Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Әңгіме барысында тыңдаушыларға өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.