2022 ЖЫЛДЫҢ 7 МАУСЫМЫНДА ҚАРҚАРАЛЫ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘҢГІМЕЛЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ
2022 жылдың 7 маусымында Қарқаралы авиациялық бөлімінің өрт- сөндірушісі десантшы А. М. Төкен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "Шахтер" демалыс үйінде "Қарқаралы МҰТП ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтау қағидаларымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.