2022 ЖЫЛДЫҢ 9 МАУСЫМЫНДА АҚМОЛА АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨРТТІ АНЫҚТАДЫ
2022 жылдың 9 маусымында Ақмола авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен авиациялық патрульдеу барысында Кеңес ҚМУ Кузганск орманшылығының 14 кварталының аумағында өрт анықталды. Өрт болған жерге Ақмола авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары мен жердегі орман күзетінің қызметкерлері өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін техника құралдарымен жіберілді. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды.