2022 ЖЫЛДЫҢ 10 МАУСЫМЫНДА ҚОСТАНАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

2022 жылдың 10 маусымында Қостанай авиациялық бөлімінің өрт сөндіруші десантшысы- Е.Е. Джармухамбетов халықты ақпараттандыру бойынша Бағдарлама шеңберінде Әулиекөл ауданы білім бөлімінің "Лесная бастауыш мектебі" ММ оқушылары арасында өртке қарсы тақырыпта алдын алу дәрісін өткізді. Дәріс барысында балалар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орманға барған кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен таныстырылды. Дәріс барысында оқушыларға өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға