2022 ЖЫЛДЫҢ 16 МАУСЫМЫНДА ӨСКЕМЕН АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
2022 жылдың 16 маусымында Өскемен авиациялық бөлімінің өрт сөндірушісі- десантшы В.А. Вязигинмен халықты ақпараттандыру бойынша бағдарлама шеңберінде "Контраст" дүкенінің қызметкерлері мен келушілері арасында "орманды өрттен сақта"тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Тыңдаушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасып қалған адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.