2022 ЖЫЛДЫҢ 15 МАУСЫМЫНДА ПАВЛОДАР АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӘҢГІМЕ ӨТКІЗДІ

2022 жылғы 15 маусымда Павлодар авиациялық бөлімінің аумағында Шалдай кентіндегі орта мектеп оқушылары арасында экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында "орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Балалар орман алқабы аумағындағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі іс-әрекеттермен, орманға барған кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен таныстырылды. Мұндай кездесулер жас кезінен бастап балаларға туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті, табиғатқа ұқыпты қарауды оятуға, ой-өрісін кеңейтуге және көптеген жағымды әсерлер мен жағымды эмоциялар қалдыруға мүмкіндік береді.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға