2022 ЖЫЛДЫҢ 15 МАУСЫМЫНДА ЖАМБЫЛ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТАҚЫРЫБЫНДА ӘҢГІМЕ ӨТКІЗІЛДІ
2022 жылдың 15 маусымында Жамбыл авиациялық бөлімінің қызметкерлері арасында аға прокурор А.Кененбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында түсіндірілген дәрістер:
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою мәселелері;
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.