2022 ЖЫЛДЫҢ 17 МАУСЫМЫНДА КАТОН-ҚАРАҒАЙ АВИАЦИЯЛЫҚ БӨЛІМІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТАҚЫРЫБЫНДА ӘҢГІМЕ ӨТКІЗІЛДІ
2022 жылдың 17 маусымында Катон-Қарағай авиациялық бөлімінің қызметкерлері арасында полицияның аға лейтенанты Н.З. Тамалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында түсіндірілді:
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жалпы ережелері;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою мәселелері;
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.